«Мәңгілік ел жастары-индустрия!» жобасы
бойынша «Техникалық және кәсіптік білімі бар, қысқа мерзімді кәсіптік оқудағы
кадрларды даярлауды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларына» сәйкес.
(«Серпін»), «100/200» қағидаты бойынша «Жас Маман» жобасы аясында еңбек
ресурстары мен жұмыстан босатылған қызметкерлерді қайта даярлау, еңбек
нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша білікті кадрларды даярлау, сондай-ақ
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 26 қарашадағы №
646 бұйрығымен бекітілген колледждердегі кәсіпкерлік негіздерін оқыту, «Жас
Маман» жобасының іске қосылғаны жарияланды.
«Жас Маман» жобасының операторы болып
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021
жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес «Еңбек» ҰАҚ «Кәсіпқор»
холдингі (қазіргі «Талап» КЕАҚ) тағайындалды.
Жобаның мақсаты – 180 колледж бен 20
университетті сұранысқа ие 100 мамандық бойынша жаңғырту және білікті
мамандарды даярлаудың халықаралық тәжірибесін енгізу.
Қағидалардың 99-тармағына сәйкес
облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары
облыстағы ТжКБ ұйымдарын және жабдықты іріктеу жөніндегі өңірлік комиссияларды
құрады.
ШҚО ӘББ «Геологиялық барлау колледжі»
КМҚК «Жас маман» жобасына екі біліктілік бойынша енді:
1. «Техник–геолог» біліктілігі «Геологиялық суретке түсіру, пайдалы қазба кенорындарын іздеу мен барлау» мамандығы бойынша.
2.
«Бұрғылау жұмыстарындағы жұмысшы» біліктілігі «Пайдалы қазба
кенорындарын барлаудың технологиясы мен техникасы» мамандығы бойынша.
Екі біліктілікті жабдықтау үшін
жабдықтардың тізімі қалыптастырылды және бекітілді. Бұл тізім колледж базасында
құрылған Құзырет орталығын толықтыруға көмектеседі.
Жабдықтардың тізімі «Қаражыра» АҚ, ЖК
«Казанцев А.Л.», «IRG Kazakhstan» АҚ-мен келісілді.
2021 жылы мемлекеттік сатып алу арқылы
екі аудитория мен бір зертханаға 70 дана аппараттар мен жабдықтар сатып алынды.