Абай облысының Геологиялық барлау колледжінде «Жастар – жаңа геологиялық ашылымдар жолында» атты республикалық студенттік форум өтті.
Іс-шара Жұмысшы мамандықтар жылы аясында, «Talap» КЕАҚ пен Абай облысының Білім басқармасының қолдауымен ұйымдастырылды.
Форумның мақсаты – геология мамандықтарының оң имиджін қалыптастыру, дарынды жастарды қолдау және жұмысшы мамандықтарына қызығушылықты арттыру.
Форумға Абай, Жамбыл, Қызылорда, Қарағанды облыстарынан колледж студенттері мен Новосібір қаласындағы Сібір геофизикалық колледжінің (Ресей Федерациясы) командасы қатысты.
Бағдарламада:
• геологиялық тақырыптағы постерлер мен кейстік тапсырмалар;
• геологиялық маршруттан өту;
• мамандық туралы бейнероликтер;
• шығармашылық қойылымдар болды.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен және сертификаттармен марапатталды.
Қазылар алқасын геология саласының кәсіби мамандары құрады.