«Білімді ұрпақ – жарқын болашақ»

1 қыркүйек – Білім күніне орай Геологиялық барлау колледжінде «Қазақстан Республикасының Конституциясы: Адал азамат, зерделі ұлт және жауапты қоғам қалыптастырудың негізі» тақырыбы аясында 1–2 курс студенттеріне арналған «Білімді ұрпақ – жарқын болашақ» атты алғашқы қоңырау мерекесі салтанатты түрде ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында еліміздің әр өңірінен келген бірінші курс студенттері колледж тынысымен, оның бай тарихымен, қалыптасқан дәстүрлерімен және білім беру мүмкіндіктерімен танысты. Жаңа оқу жылына қадам басқан жастарға колледж директоры Минаева Назигуль Тлеугазиновна ақ жол тілеп, білім мен ізденіске толы студенттік өмірдің басталуымен құттықтады.
Мерекелік шара тақырыптық тәрбие сағаттарымен жалғасын тауып, студенттерге Конституцияның қоғам өміріндегі маңызы, адалдық, отансүйгіштік, білімге құштарлық және азаматтық жауапкершілік құндылықтары кеңінен насихатталды.
Жаңа оқу жылы барша білім алушылар мен ұстаздар қауымына толағай табыс, тың ізденіс және жарқын жетістіктер әкелсін! Білімді ұрпақ – еліміздің жарқын болашағы! 🇰🇿