1 қыркүйек – «Білім күні» мерекесі жаңа оқу жылының алғашқы күнінде студенттердің бойына серпіліс беріп, оқуға деген құлшыныстарын оятатын білім ордасының есігін көтеріңкі көңіл-күймен ашатын күн. «Білім күні» мерекесі – жыл сайын тойланатын, патриоттық және идеологиялық құңдылықтарды дәріптейтін тәрбиелік іс-шаралардың алғашқысы. Жаңа 2021-2022 оқу жылында «Семей ядролық сынақ полигонының жабылуына 30 жыл», «Қазақстан Республикасын Тәуелсіздігіне 30 жыл», «Семей Геологиялық барлау колледжіне 90 жыл» сынды мерейтойлар мен атаулы күндер тойланатын болады.
Колледжде білім күніне арналып өткен салтанатты лездеме 1 курс студенттер үшін жаңа оқу жылының алғашқы іс-шарасы ғана емес, жаңа өмір белесінің алғашқы баспалдағы десек те болады. Адам өміріндегі білім мен ғылымның маңызын дәріптейтін атаулы мереке колледж директоры Адильжанов Ардақ Адильгазыевичтің құттықтау сөзімен ашылып, ән-күймен жалғасын тапты. Лездеме соңында 1 курс студенттеріне ата-аналары тілектерін білдіріп, ақ жол тіледі. Алғашқы қоңыраудың жаңа қазақстандық патриотизмді қалыптастырып, елжанды ұрпақ тәрбиелеудегі орны ерекше.
Жаңа оқу жылында оқытушылар мен студенттерге толағай табыстар мен үлкен шығармашылық, биік жеңістер тілейміз.