Всеобщий час добропорядочности

КМҚК «Геологиялық барлау колледжінде» 2021 жылы қарашаның 1-індегі жалпыколледждік тәрбие сағаттары адалдық тақырыбына арналды. Адам баласының арда қасиеті адалдық тақырыбына заманының заңғар жазушысы, сөз зергері Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің шығармашылығы арқау болды. Тәрбие сағаттарында 1-4 курс студенттері (548 адам) толық қамтылды. Студенттерге
көркем шығарма сақасына адалдық ұғымын алтын өзек етіп құю көшпенділер сөз өнеріндегі ұрпақтан –ұрпаққа беріліп отырған көркемдік дәстүр екендігін танытып, өзекті идеялар талқыланды.
Көркем шығарма құндылығын бағалайтын оқырманның  жүрегінде жатталатын Әуезов әңгімелерінің өзіндік тән қасиеті мен қадірі деп танырлық белгісі – суреттеп отырған тақырыптың тарихилығын көркемдік аяда ұлттық нақышпен зерделеуінде екендігі талданды. Туған халқының қордалы әдет –ғұрпын, әлеуметтік жағдайы, қоғамдық болмыс –бітімі, ұлттық өресін терең де кең тұрғыда суреттеуі қаламгер туындыларының эстетикалық және психологиялық, сыншылдық және сыршылыдық қуатын зорайтады. Мұхтар Әуезов шығармашылығы — адалдық сабақтастығын сақтаған киелі мұра.
Мұхтар Әуезов мұрасы арқылы адалдықтың тағылымын танытқан тәрбие сағаттары студенттерді парасаттылыққа жетеледі деп сенеміз.