В колледже прошел областной семинар-практикум «Біз оқуға құштар буынбыз»

«Абай облысының білім басқармасы» ММ «Облыстық инновациялық-әдістемелік орталығы» КММ ұйымдастыруымен «Оқуға құштар колледж» жобасын іске асыру аясында 2023 жылдың 09 ақпанында КМҚК «Геологиялық барлау колледжі» кітапханасымен бірге «Біз оқуға құштар буынбыз» тақырыбында колледж кітапханашыларына арналған облыстық семинар-практикумы өтті.
Семинардың мақсаты: «Оқуға құштар колледжі» жобасын жүзеге асыруда, оқырмандардың кітапқа деген қажеттілігін қалыптастыру, оқу мәдениетін қалыптастыру және оқу сауаттылығын арттыру бойынша колледж кітапханашыларының тәжірибе алмасуына жағдай жасау. Семинарға – КММ «Облыстық инновациялық–әдістемелік орталығы» әдіскері Рахимжанова Г.М.,Нурашева Э.Н, колледж директорының міндетін атқарушы Есенаманов Д.Р., колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Мухаметжанова А.К. колледж кітапханашылары мен студенттер қатысты. Семинар барысында Бижуменова Г.К.( СГБК кітапхана меңгерушісі) _Айкебаева Ш.У.(Семей педагогикалық колледж). Жансарина Ж. Е.(СҚЭК) .Магауина З. ( Семей технологиялық колледжі) өздерінің оқу орындарында «Окуга күштер колледжі» жобасы бойынша атқарылған жұмыстарды көрсетіп, тәжірибелерімен бөлісті.. Сонымен қатар колледж қонақтары коледж өнерпаздарының өнерін тамашалады.Колледж музейімен танысты. Семинар-практикум қорытындысы бойынша жобаны жүзеге асырудың түйткілді мәселелері айтылып, оны жүзеге асыру бойынша тапсырмалар берілді. Баяндамашылар сертификаттармен марапатталды