ТҮЛЕКТЕРДІ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

Жұмыспен қамту

       Колледж жылдар бойы түлектерін жұмыспен қамтумен айналысып келеді,ол дегеніміз басқа оқу орындарымен салыстырғанда сирек кездесетін жайт. Жұмыспен қамту колледждің басты мақсаты деп білеміз.
       Колледж қызметі кәсіпорындар үшін күшті әлуетті қалыптастыруға бағытталған. Бұл өз кезеңінде жұмыс берушілермен колледж арасында сенімді қатынастардың қалыптасуына және олармен тұрақты қарым – қатынасқа әкеледі.
        Түлектеріміз жұмысқа қалай орналасады?
      Әр жылдың мамыр айында КБЖҚжМ бөлімі:

  •  Түлектерге алдын-ала жұмыс берушілердің өтініштерін жеткізеді;
  • Бітіруші топ студентерімен сұхбат жургізеді;
  • Практикадан кейін кәсіпорындардан жіберілген түлектердің шақырту өтініштерін ескереді;
  • Бітіруші топтарда жұмыс берушілердің өтініштері талкыланады.

       Жұмысқа орналасуға жиынтық рейтингі әсер ете ме?
      Қортынды жинақтау тізімдері жұмысқа орналасуда шешуші рөл атқарады, рейтинг тізімінің жоғарғы жағындағы студенттер ең перспективалы компанияларға жіберіледі.

        Жұмыс берушілер түлектерді қалай таңдайды?
        Жыл сайын жұмыс берушілер дипломдық жобаларды және қорытынды мемлекеттік емтихандарды қорғауға шақырылады. Олар МБК (Мемлекеттік біліктілік комиссиясы) мүшелері ретінде қатысады. Нәтижесінде жақсы білімдерін көрсеткен түлектерді кәсіпорын өкілдері жұмысқа таңдап шақырады.

       Жұмысқа тұру кезінде не ескеріледі?
1.Өндірістік практикадан кейін кәсіпорындардың атаулы шақыртуы;
2. Тестілеу қортындылары;
3.Жұмыс берушінің сұхбаты.

      Түлектер шетелдік компанияларға жұмысқа қалай орналасады?
      «Schlumberger» («Шлюмберже»), «Halliburton» («Халлибуртон»), БК ЖШС «КАТКО», «RIO TINTO» (Рио Тинто) халықаралық фирмаларының менеджерлері түлектерді іріктеудің өзіндік ерекше әдісін қолданады. Жыл ішінде, әдетте, дипломдық жобаларды қорғауға дейін аталмыш компаниялардың менеджерлері колледжге бірнеше рет келеді. Бітіруші топ студенттерінің резюме, анкета, жеке іс қағаздарын қарайды, оқытушылармен, практика жетекшілермен, жатахана тәрбиешілерімен, КБЖҚжМ бөлімі менеджерлерімен пікірлеседі, ұсыныстар қаралады, сауалнама жүргізіледі, мұнда басқа критерийлер арасында ағылшын тілі басымдыққа ие екені көрсетілген. Содан кейін олар өз компанияларының презентациясын жасайды, тестілеуден соң үміткерлермен әнгімелесу өткізіледі.

       Түлектерді қайта жұмысқа орналастыруға бола ма?
       Кәсіпорындар банкротқа ұшыраған немесе оны қолдану талаптарын орындамаған жағдайда, бітіргеннен кейін 3 жыл ішінде бітірушілер басқа кәсіпорынға қайта жұмысқа жіберіледі. Айта кету керек, жұмыспен қайта қамту – бұл ерекше жағдай және тек біздің колледжде бар.

Студенттердің өндірістік тәжірибесі

       Колледждің өндірістік кәсіпорындармен ынтымақтастыгы жыл сайын кеңейіп келеді. Кадр мәселесі көптеген жұмыс берушілерді толғандырады, осыған байланысты кәсіпорын басшылары колледж студенттерін оқытуды және университетте одан әрі білім беруді 3 жақты келісім бойынша жүргізуді жөн көреді.
      Әдетте, «жаңа» кәсіпорындар ынтымақтастықты өндірістік тәжірибе өту үшін бірнеше орын ұсынудан бастайды. Көп жағдайда ,бір жылдан кейін, сол кәсіпорындар өткен жылгы өндірістік тәжірибеден өткен студенттерге жұмысқа орналасу шақыртуларын жібереді. Сонымен бірге келесі жылгы студенттер қайтадан «тапсырысқа» ие болады.
       2019 жылы студенттердің 11%-ы Қазақстанның батысында орналасқан кәсіпорындарға, 37%-ы оңтүстікке, 28%-ы солтүстікке және орталық Қазақстан облыстарына , ал шығыста 24% тәжірибеден өтетін орындарға барды.
        КБЖҚжМ бөлімінің 2019 жылы өндірістік тәжірибеден өту және жұмыспен қамтамасыз етудегі жұмысының талдауына сәйкес студенттердің көпшілігі Қазақстанның оңтүстік, солтүстік және орталық облыстарына жіберілді, Батыс және Шығыс облыстары аз орын ұсынды.
       Жыл сайын «КазАтомПром» ҰАҚ, АҚ “Волковгеология” – “Геотехноцентр” (Алматы қ.), ЖШС БҚ«Катко» (Алматы қ.), ЖШС «КПСЭ» (Костанай қ.), ЖШС «Геобайт Инфо» (Костанай қ.) , АҚ «Кокшетаугидрогеология» (Көкшетау қ.), Schlumberger (Атырау қ.) компаниясы, ЖШС “Искандер” (Алматы қ.), АҚ “Варваринское”(Қостанай қ.), ЖШС “КПСЭ”(Қостанай қ.), ЖШС “РУ-6” (Қызылорда қ.), ЖШС «Аппақ» (Алматы қ.), компания «Карачаганак Петролиум Оперейтинг» (Ақсай қ.), ЖШС «Казцинк» (Риддер қ.) сияқты компаниялар өндірістік тәжірибеден өту үшін орындар береді
       Тәжірибеге алғаш рет Rubicon GoldenGroup ЖШС (Алматы қ.), KZ Copper ЖШС (Алматы), Geo-KZ (Өскемен), Archey 2006 сияқты компаниялар ға шақырылды. (Қарағанды қ.), «Өзенегеосервис» ЖШС (Жаңаөзен), «Аян Гео» ЖШС (Талдықорған).
       Әлеуметтік серіктестермен сәтті өзара іс-қимыл колледждің түлектерін жұмысқа орналастыру мәселесін шешуге, оларды оқыту сапасын бақылауды қамтамасыз етуге, мамандарға қажеттілікті болжауға мүмкіндік береді.

        2009 жылдан бастап КБЖҚжМ бөлімінің міндеттеріне түлектерді жұмысқа орналастыру бойынша еңбек нарығын зерттеу ғана емес, сонымен қатар түлектің жұмысын бақылау да кіреді. Яғни, 3 жыл ішінде КБЖҚжМ бөлімі жас маманға, оның кәсіби өсуіне, университетте әрі қарай оқуына, кәсіпорындардың түлектер алдындағы міндеттемелерін орындауына (тұрғын үймен қамтамасыз ету, жол жүру және оқу ақысын төлеу) мониторинг жүргізіп келеді.
         Шетелдік жұмысшылардың, Қазақстандық мамандардың лауазымдарын кезең-кезеңімен ауыстыруды көздейтін кадрларды ұлттандырудың мемлекеттік бағдарламасын орындау мақсатында бөлім Қазақстан Республикасында орналасқан көптеген геологиялық және мұнай-газ салаларында жұмыс атқаратын шетелдік компаниялармен жұмыс істейді. Біздің ынтымақтастығымыз тағылымдамадан өту және түлектерді шетелдік компанияларға жұмысқа орналастырудан тұрады.