КМҚК «Геологиялық барлау колледжінде» Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай 2020 жылдың 10.02.-14.02 аралығында гуманитарлық пән бірлестігінің апталығы өткізілді. Апталықтың мақсаты студенттердің ұлы ақынның шығармашылығына деген қызығушылығын қалыптастыру, шығармашылық, зияткерлік танымдарын дамыту. Гуманитарлық ПБ апталығының бағдарламасы жан-жақты әрі әртүрлігімен ерекшеленді. Қабырға газеттері мен плакаттарға салынған суреттер өзінің жарқын бояулары және терең мазмұнымен көрермендерді тамсандырды. Абай поэзиясына арналған шығармалар байқауы қазақ және орыс тілдерінде оқитын студенттер арасында жүргізілді. Мәнерлеп оқу сайысында Абай өлеңдерін нақышына келтіріп, ерекше шеберліктерін танытқан студенттер анықталды. «Абай әлеміне саяхат» атты І курстар арасында ұлы ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған сайыс өткізілді.
Гуманитарлық ПБ апталығының қорытындысы салтанатты түрде жабылу кешінде өтті. «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» атты студенттердің көрермендерге ұсынған қойылымы 19 ғасырда өмір сүрген ұлы Абай дәуірінде болғандай әсер қалдырды. Кеш соңы колледждің оқытушылары мен студенттер хорының орындауында Абайдың «Айттым сәлем, Қаламқас» ән-челленджімен ажарланды.