«ҚР колледждерінің ең үздік 100 студенті»

«ҚР колледждерінің ең үздік 100 студенті» жобасы үш кезеңде жүзеге асырылып, бүгінгі ұйымдастырылған қорытынды шарада жоба жеңімпаздарын облыстық, республикалық алғыс хаттармен, дипломдармен марапатталды. Бітіруші түлектерге жолдамалар ұсынылып, республикалық кезеңнің жеңімпаздарына 100 000 теңге көлемінде сертификаттар табысталды. ШҚО ТжКББ оқу орындарынан аймақтық кезеңге 40 студент қатысып, оның 21-і республикалық кезеңге жолдама алды. Облыстан жүлдегер атанып, республикаға жолдама алған 21 студенттің Республикалық кезеңнен студентіміздің оза шауып, еліміздегі үздік студенттер қатарынан көрінуі, «ҚР колледждерінің ең үздік 100 студенті» тізімінде есімдерінің аталуы сол мақтаныш.
«ҚР колледждерінің ең үздік 100 студенті» жобасының республикалық кезеңінің жеңімпаздары, Геологиялық барлау колледжінің студенті Касенова Алиманы жеңісісімен тағы бір мәрте құттықтаймыз! Болашақта өздеріңді креативті идеяларыңмен, батыл дәлелдеріңмен, еліміздің мәдени, рухани, ғылыми дамуының көшбасында жүреді деп сенеміз!
Осындай дарынды жастарға кеңінен жол ашып, жағдай жасайтын жобаны ұйымдастырушыларға алғыс білдіреміз!