Шешендік өнер

9-шы мамыр Ұлы Жеңіс күнімен құттықтаймыз! Жеңіс күні – тарих төрінен ерекше орын алатын ұлы мереке. Тарихымызда қалған бұл сұрапыл соғыстың кеселінен қаншама аға, апайларымыз жан кешті. Отан үшін от кешіп, соғыстың қан бөккен даласында қайсарлықпен шайқасқан, Жеңістің туын желбіреткен, Ұлы Отан соғысының ардагерлері үшін ерекше мейрам болып табылады. Сіздердің ерліктеріңіздің арқасында бүгінгі жас өскелең ұрпақ бейбіт, бақытты,бай — қуатты өмір сүруде. Келешек еліміздің Ұлы дархан даласы кең, аспаны ашық болсын! Жұдырықтай жұмылған, білектей біріккен кең пейіл Қазақ елі жасасын! Барлық қазақ еліне денсаулық, бақыт, қуаныш, бірлік, татулық тілейміз!