Экопикник

Геологиялық барлау колледжінің ОСк-81 студенттері мен Экологиялық ПБ оқытушылары игі істер марафонына қатысуды жалғастуда.  

2021 жылдың 29 мамыр күні өткізілген ЭкоПИКНИК Семей қаласының әкімі Сактаганов Нурымбет Аманович, «Хазипов» ЖМ, «Семей Тазалық» ЖШС, «Оператор РОП» ЖШС,  қолдауымен QAZAQ BIO COIN жобасының ұйымдастыруымен өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты қаламыздағы қалдықтарды жинап, оларды екінші реттік өңдеуге тапсыру болып табылады.

Жиналған барлық қоқыстарды эко-пикник қатысушылары қатты тұрмыстық қалдықтарды бөлек жинауды көрнекі түрде көрсету үшін арнайы орнатылған сары, көк және жасыл контейнерлер бойынша сұрыпталды. Толтырылған контейнерлер сұрыпталған қалдықтарды тасымалдауға арналған арнайы техникаға тиелді. Бұл акция қала тұрғындарының сана деңгейін көтеруі тиіс.