С праздником — Наурыз!

Наурыз – көктем мен жаңару мерекесі. Наурыз – әлемдегі ең көне мейрамдардың бірі. Орта Азия елдері оны 5000 жылдан аса уақыт атап өтіп келеді. Наурыз мейрамы заманауи діндер мен көптеген мемлекеттер пайда болғанға дейін шамамен 5 мың жыл бұрын пайда болды. Бұл ежелгі мереке күнәдан тазару, киім-кешектерді тазарту, үйді тазарту, жамандықтан және өшпеділіктен тазару мерекесі ретінде атап өтіледі. Ол адамдарды басқалардың күнәлары мен жамандықтарын кешіруге шақырады. Сондай-ақ, бұл күні шығыс елдері екі арадағы кез-келген соғысты тоқтатқан. Ал қазақ ақсақалдары мерекеде араздасқан ру-тайпалармен татуласатын болған. Наурыз мерекесі қарсаңында 15 наурыз күні біздің колледжімізде де «EcoLab» экологиялық үйірмесінің ұйымдастырумен тазалық жұмыстары жүргізілді. Колледж студенттері оқу аудиторияларын жуып, тазалап, мерекеге дайындық жасады. Осы жұмыстарға қатысқан барлық студенттерге рахмет айтамыз!