2023 жылғы 27 қазанда «Геологиялық барлау колледжі» КМҚК-да «Жас зерттеушілердің шығармашылығы — бәсекеге қабілетті мемлекетті қалыптастыруға қосқан үлесі», «ҚР Білім беру ісінің үздігі», «Геологияның құрметті қызметкері», техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің дамуына зор үлес қосқан көрнекті қоғам қайраткері Альмуханов Марал Альбековичті еске алуға арналған VIІ облыстық студенттік ғылыми-практикалық конференция өткізілді. Тақырыптық секциялар жұмысын «Eurasian metals company» ЖШС, «Зарад» ЖШС, Суздаль кені ФИК Алел АҚ, Эко-Сад зертханасы, ШҚО және Абай облыстарының «Қазгидромет» ГФР, өндірістерінің өкілдері және КЕАҚ «Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті», Alikhan Bokeikhan University ғалымдары мен оқытушылары және колледж оқытушылары мен әлеуметтік серіктестерімен құрылған сараптамалық комиссиясы басқарды. Конференцияға 30 колледждің 230 студенті қатысты. Онын ішінде Ресей Федерациясының колледждері, Сібір геофизикалық колледжі, В.П. Романов атындағы Прокопьев тау-кен техникумы, ҚР басқа аймақтарынан, Хромтау жоғары тау-кен техникалық колледжі, Абай атындағы Қазақстан гуманитарлық колледжі, Шығыс Қазақстан облысының колледждері, Бородулиха колледжі, Риддер колледжі, Жанатас көпсалалы колледжі, Аягөз қаласының политехникалық колледжі. Үздік зерттеу жұмыстары Абай облысының Облыстық инновациялық — әдістемелік орталығының дипломдары және номинацияларымен марапатталды.