Соңғы жаңалықтар

ОӘБ қызметі туралы жалпы ақпарат

«Геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау» бейіні бойынша ОӘБ Абай облысы ББ «Геологиялық барлау колледжі» КМҚК базасында қызмет атқарады.
ОӘБ-нің негізгі мақсаты » Геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау» бейіні бойынша ТжКББ ұйымдарында білім беру, оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысты дамыту және үйлестіру, оқу процесінің мазмұнын жаңарту, оқу әдебиеттері мен оқу құралдарын әзірлеу және рецензиялау, оқу-әдістемелік кешен (бұдан әрі — ОӘК )болып табылады.

Мамандарды даярлаудың жоғары деңгейін қамтамасыз ету үшін 268-ден астам кәсіпорындармен, оның ішінде 54 шетелдік және бірлескен компаниялармен ынтымақтастық жолға қойылған, олар тәжірибеден өту және жұмысқа орналасу үшін орын береді. Мәселен, жыл сайын «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК және оған кіретін барлық еншілес компаниялар: «Волковгеология» АҚ «Геотехноцентр» филиалы (Алматы қ.), «Семізбай U» ЖШС (Степногорск қ.); «Катко» БК ЖШС (Алматы қ.), «Волковгеология» АҚ (Алматы қ.), «Жайықгидрогеология» ЖШС (Орал қ.), «КПСЭ» ЖШС (Қостанай қ.), «Геобайт Инфо» ЖШС (Қостанай қ.), «Волковгеология» АҚ (Степногорск қ.), «Катко» БК ЖШС (Алматы қ.), «Волковгеология» АҚ (Алматы қ.), «Жайыкгидрогеология» ЖШС (Орал қ.), «КПСЭ» «Көкшетаугидрогеология» АҚ (Көкшетау қ.), Schlumberger компаниясы (Атырау қ.), «ізденіс» ЖШС (Алматы қ.), «Қаражанбасмұнай» АҚ (Ақтау қ.), «Уралнефтегазсервис» ЖШС (Орал қ.), «НК КОР» АҚ (Қызылорда қ.), «ТГХП» ЖШС (Шымкент қ.), «Аппак» ЖШС (Алматы қ.), «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг» компаниясы (Ақсай қ.), «Қазмырыш» ЖШС (Риддер қ.)), «Два Кей» ЖШС (Алматы қ.) және басқалары практикадан өту үшін орындар береді. Жалпы, 2017 жылы III курс оқушылары өндірістік практикамен 100% қамтамасыз етілді.

Жыл сайын 200-ден астам мамандар шығарылады, олар бірінші жылы 80% — ға жұмысқа орналасады, түлектерге үш жылдық мониторинг жүргізіледі, осы мерзім ішінде барлық түлектер жұмысқа орналасады

Кәсіби шеберлік байқауының қорытындылары, 2024

Қ.И.Сәтбаевтың 125 жылдығына арналған «Жастар жаңа геологиялық жаңалықтар жолында» Республикалық студенттік форумы, 2024

Жұмысшы мамандықтар жылына арналған «Жастар жаңа геологиялық жаңалықтар жолында» Республикалық студенттік форумы, 2025

"Алел" ҚИК АҚ (Nordgold) кәсіпорнында тағылымдама

2022 жылғы 21 қараша мен 23 қараша аралығында Н.Ю. Толпегина, А.С. Хажиякпарова, М.Ж. Мукажанова және 2022 жылғы 28 қараша мен 30 қараша аралығында Д. Д. Дукенов, В. А. Антонов «Суздаль» кенішіндегі «Алел»ҚИК АҚ-да өндірістік тағылымдамадан өтті.

Тағылымдамадан өтудің негізгі мақсаттары біліктілікті арттыру, кәсіпорында қолданылатын технологиялық процестермен және бағдарламалық қамтамасыз етумен танысу болды.

Тағылымдамадан өту міндеттері:
— Кәсіпорын құрылымын зерттеу;
— Бөлімдердің жұмысымен танысу;
— Нұсқама жүргізудің әртүрлі түрлерімен танысу (кіріспе, бастапқы, мақсатты, қайталама);
— Кеніштің қолжетімді учаскелері бойынша экскурсия (шахта, ҰСК, кен қоймасы);
— Datamine, Leapfrog бағдарламалық жасақтамасында жұмыс істеу.

Бас директор Евгений Наилевич
Стажер Антонов Вячеслав, Басты геолог Мұзапаров Медет, Стажер Дукенов Даурен
Антонов В., Тоқашев К., Мұзапаров М., Серикова Я., Дукенов Д.

Сібір мемлекеттік индустриалдық университетімен халықаралық ынтымақтастық

Колледж оқытушылары мен студенттеріне арналған біліктілікті арттыру курстары

Архив